Қызылордада пробацияда тұрғандар тазалық жұмыстары арқылы өз жазаларын өтеуде

18 Мамыр 2021, 18:26
1701
Бөлісу:
Қызылордада пробацияда тұрғандар тазалық жұмыстары арқылы өз жазаларын өтеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар сот үкімімен тағайындалған қоғамдық жұмыс түріндегі жазаларын жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерге тазалық жұмыстарын жүргізу арқылы өтеуде. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, пробация қызметі тарапынан олардың жазасының орындалуы қатаң бақылауға алынған.

Қазір қоғамдық жұмысқа тартылған сотталғандар Қызылорда қаласында тазалық және абаттандыру жұмыстарына тартылуда. Қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалған қалалық пробация есебіндегі 5 азамат жергілікті әкімдіктің нұсқауымен белгіленген жерде қоғамдық жұмыстарын атқаруда. 

Бұл азаматтар қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын, бау-бақшаларда жеміс ағаштарын отырғызумен айналысып, жазаларын өтеуде. Сондай-ақ олар құбылмалы ауа райының бұзылуына байланысты түрлі тазалау жұмыстарын да атқарады.

Есірткі затын тұтынғаным үшін сот үкімімен 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылдым. Қазір өзім секілді сотты болғандармен бірге Қызылорда қаласы әкімдігінің белгілеп берген қала көшелерін қоқыстан тазалау жұмыстарын атқарудамын. Жасаған іс-әрекетімнен өзім ұяламын. Қоғамға қоғамдық жұмыстарды атқару арқылы пайдамды тигізіп жатырмын, - деді сотталған азамат.
Өзгелердің жаңалығы