Қызылордада пробация есебіндегі 21 азамат қайтарымсыз грантпен кәсіп бастаған

22 Қазан 2020, 08:40
1257
Бөлісу:
Қызылордада пробация есебіндегі 21 азамат қайтарымсыз грантпен кәсіп бастаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада 2020 жылдың 9 айында пробация есебінде тұратын жұмыссыз 406 азамат жұмысқа орналастырылды. Пробация есебіндегі 21 азамат қайтарымсыз грант алып, кәсіппен айналысуда. Бұл туралы облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Шәймерден Есенкелдиев БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты.

Департамент басшысы республикалық, өңірлік БАҚ өкілдеріне ҚАЖ мекемесінің қызмет саласы бойынша 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын баяндады.

Ведомство басшының мәліметінше, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың арасында орта білім алып жатқан азаматтар да бар. 2020-2021 оқу жылына 36 сотталған азамат кешкі мектепке қабылданған. ЗК-169/5 қауіпсіздігі аралас мекемесінде 75 сотталған ағаш ұстасы, тігінші, газэлектрдәнекерлеуші мамандықтары бойынша кәсіптік білім алып жатыр.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті түзеу мекемелерінде сотталғандардың орташа тізімдік саны 771-ді құрады (2019 ж. – 731). Жұмысқа орналастырылғандар саны  – 470 (2019 ж. – 425). Жұмысқа орналастырылғандарды нақты жұмысқа жарамдылар санына шаққандағы пайызы 62,4%-ды құрады (2019 ж. – 59,9%), - делінген сала басшысының мәліметінде.
Сонымен қатар, тергеу қамауындағылар мен сотталғандар емдеуге қажетті дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген және денсаулық, тұрмыс жағдайлары қадағалануда.
Жыл басынан бері медицина бөлімінде 4817 амбулаториялық және 60 стационарлық ем жүргізілді. Халықты тіркеу регистрі шеңберінде 5 науқасқа ота жасалып, 19 науқас стационарлық ем қабылдады, - деп мәлімдеді сала басшысы.


Өзгелердің жаңалығы