Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесті

7 Мамыр 2021, 19:49
1853
Бөлісу:
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері Тыл ардагері Айқын Қожағұлованың тұрмыс-тіршілігін көріп, мерекесімен құттықтап шықты. 

Соғыс басталғанда небәрі жеті жастағы Айқын Қожағұлова етігімен су кешіп, масақ терген.

Ол кезде 7-8 жастағы балалар толыққанды жұмысшы адамдар болып саналатын. Бізде балалық шақ деген дәурен болмаған. Мектептің 4-7 сыныбындағы балалардың бәрін егінге апаратын. Бір кесе бидай үшін сотталып кететін, – деді тыл ардагері.

Жұбайымен сегіз бала өсіріп, олардан тараған немере, шөбере қызығын көріп отырған кейуана қазіргі бейбіт заманға шүкіршілік етеді. 

Қазір немере-шөберелерінің ортасында отырған қария оларға үнемі төзімділік пен еңбекқорлық жайлы жиі айтады.


Өзгелердің жаңалығы