Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

12 Қараша 2021, 12:22
1063
Бөлісу:
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін - сол кездегі Жамбыл облыстық ІІД Жол патрульдік полициясы жеке батальонының бірінші взводының командирі болған полиция капитаны, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза болған күн.

Бұл туралы ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан, бейбіт елдің батыры Ғазиз Байтасовты бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиын барысында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов  Халық қаһарманы Ғ.Байтасовтың өмір жолы, атқарған қызметі, ерлігі туралы құнды деректермен бөлісіп, қызметкерлердің патриоттық сезімін арттырып, антына адал болуға, қызметтік міндеттін абыроймен атқаруға шақырды. Одан соң қызметкерлерге Ғазиз Байтасовтың қандықол қылмыскерді ұстау кезіндегі ерен ерлігі туралы бейнеролик көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы