Қызылордада байқауштабының өкілі сайлау комиссиясының төрағасымен кездесті

29 Желтоқсан 2020, 20:20
1014
Бөлісу:
Қызылордада байқауштабының өкілі сайлау комиссиясының төрағасымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сайлауды бейпартиялық байқауштабының Қызылорда облыстағы өкілі Жандос Тұсмағамбетов Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймұрзаевпен кездесті.

Кездесуге облыстық сайлау комиссиясының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында алда келе жатқан сайлау процесін ашық әрі әділ өткізу бағытындағы мәселелер талқыланды.

Бұған дейін Сайлауды бейпартиялық байқауштабының облыстағы өкілі Ж. Тұсмағамбетов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ОБСЕ) ұзақ мерзімді байқаушыларыжәне бірқатар қоғамдық ұйым жетекшілерімен сайлауалды кездесулер өткізіп, Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында брифинг берген болатын.

Сондай-ақ, 5-10 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы мен аудандардағы қоғамдық байқаушыларға құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндіретін семинар тренинг ұйымдастырды.


Өзгелердің жаңалығы