Қызылордада ақша бопсалағандар қылмыс үстінде ұсталды

2 Қараша 2021, 12:10
1190
Бөлісу:
Қызылордада ақша бопсалағандар қылмыс үстінде ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

2021 жылдың жаз айларынан бастап Қызылорда облысы Шиелі кентінде орналасқан ойын-сауық орнының меңгерушісінен ауданның бір топ жас жігіті ақша сұрап, бопсалаған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. 

Тергеп-тексеру барысында бұл тұлғалардың жәбірленушіден бірнеше мәрте ақша алғандығы белгілі болды. 

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 29 қазан күні сағат 17:00 шамасында Шиелі кентінің 29 жастағы тұрғыны құрықталып, айғақ зат ретінде жәбірленушіден алынған ақша тәркіленді. Сонымен қатар аудан орталығынан Шиелі ауданының күдікті үш тұрғыны ұсталды. 

Төрт күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс шеңберінде басқа да тұлғалар мен мән-жайлар анықталып, тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы