Қызылордада 640 адам екпе салдырды

12 Ақпан 2021, 00:31
1486
Бөлісу:
Қызылордада 640 адам екпе салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу жүйелі жүзеге асырылуда. Он күн ішінде 640 адам вакцина салдырды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

1 ақпан күні – 105, 2 ақпан күні – 165, 3 ақпан – 70, 4 ақпан – 60, 5 ақпан – 60, 8 ақпан – 60, 9 ақпан күні – 60, 10 ақпан күні 60 адамға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынды. Айта кетейік, олардың 617-сі медициналық қызметкерлер болса, 23-і – өзге саланың өкілдері.
Облыс бойынша медицина ұйымдарында 154 екпе кабинеті бар. Соның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауға 32 екпе кабинеті мен 12 жылжымалы егу бригадалары дайындалды. Осы кезге дейін вакцина салдырғандар арасында шағым болған жоқ. Денсаулықтары тұрақты бақылауда, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Мамандардың айтуынша, екпе алған азаматтардың екпеден кейін шағымы болмаған.

COVID-19 инфекциясына қарсы екпе жұмыстары қаладағы №1, №3, №6 емханалар базаларында жүргізілуде. Екпе салдырған азаматтар арасында егуден кейінгі ауыр түрдегі асқынулар орын алған жоқ, – деді облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Өзгелердің жаңалығы