Қызылордада 1150 тұрғын Ashyq тәртібін бұзған

19 Қараша 2021, 16:30
936
Бөлісу:
Қызылордада 1150 тұрғын Ashyq тәртібін бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індет белгісі байқалғалы бері облыста коронавирус инфекция­сын жұқтырған 19 170 жағдай тіркеліпті. 

Әсіресе, осы жылы бойынан вирус табылғандар көп. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда биыл аурушаңдық көрсеткіші 3 есеге ұлғайған. Дегенмен соңғы 2 айда індетке шалдыққандар қатарының азайғаны байқалады.

 

Мысалы, 16 қараша күні облыста коронавирус инфекциясын 7 тұрғын жұқтырғаны тіркеліп отыр. Оның алтауы екпе салдырмағандар. Ауыр­ған­дардың көбі вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста бол­ғандар арасынан шығып отыр.

Осы күні облыс «жасыл ай­мақта» тұр. Бірақ мамандар тұр­ғындардың осыған малданып, қауіпсіздік шараларын ұмытып кетпеуі керектігін жиі айтады. Індеттің таралуының алдын алу үшін карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу толастаған емес. Жыл басынан бері 15 826 нысанға рейд жасалды. Оның барысында карантин талаптарын бұзудың 802 дерегі анықталып, 52 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Облыс көлемінде Ashyq жүйесі бойынша оқшаулану тәртібін бұзған 1 150 азамат анық­талды. Олардың 741-і «қы­зыл», 409-ы «сары» статуста болған. Жан-жағына індет жұқ­тыратынын біле тұра, карантин талабын сақтамаған «қызыл» ста­тустағылардың 246-сына әкім­шілік хаттама толтырылып, олар 10 млн теңгеден ас­там айып­­пұл арқалады, – дейді об­лыс­­тық санитарлық-эпиде­мия­лық бақылау депар­таменті бас­шысының орынбасары Әлия Әбді­қайымова. 

Вакциналау көрсеткіші бо­йын­ша Қызылорда облысы рес­публикада төртінші орында тұр. Аймаққа «Комирнати» вак­цинасының 23 400 дозасы кел­ді, алда оны 97 мыңға жеткізу жос­парланып отыр. Алғашқы лек­те бұл вакцина 72 адамға егілді.

Өзгелердің жаңалығы