Қызылорда облысында жылу беру маусымы басталғалы бері 117 өрт оқиғасы орын алған

12 Қаңтар 2021, 05:18
1134
Бөлісу:
Қызылорда облысында жылу беру маусымы басталғалы бері 117 өрт оқиғасы орын алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында жылу беру маусымы басталғалы бері 117 өрт оқиғасы орын алған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бақтияр Тұрманов мәлімдеді.

Төтенше жағдай департаментінің мамандары аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын 1048 тұрғын үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатты.

Жалпы, маусым басталғалы өңірде 117 өрт оқиғасы орын алды. Ал соңғы 10 күндікте 19 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде үш газ баллоны жарылған.

Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 891 объекті тексерілді. Тексеру барысында 2288 бұзушылық анықталды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 592 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Өңірде жылу беру маусымы аяқталғанға дейін әр аптаның сенбі күні «Өрт қауіпсіздік сенбілігі» болып жарияланған болатын, - деді Бақтияр Маханбетжанұлы.

Өзгелердің жаңалығы