Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, ата-анасы осы оқиғаға қатысты уақытпен санаспай, күні-түні қоғам тыныштығы үшін еңбек етіп жүргені үшін полиция қызметкерлеріне алғыс хат жолдаған.Әкесі мен баласы шөп тиелген жүк көлігмен жолға шығады. Алайда жолда оларға қарақшылар кездесіп, соққыға жығады. Сол кезде жол-патрульдік полиция қызметкерлері келіп, араша түседі. Полиция қызметкерлері оларды күштеп бағындырып, ұстайды. Әкесі мен баласы ауруханаға түсті, - деді ол.
Осыған дейін ол бұрын іздеуде болған 150 қылмыскер ұсталғанын айтты.Ішкі істер министрі Ерлан Тұрығмбаевтың атына азаматтардан полиция қызметкерлеріне айтылған алғыс хаттар келіп түседі. Солардың бірі Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөреге, полиция қызметкерлеріне алғыс келіп түсті, - деді Нұрділдә Ораз.