Қызметтік көліктен бас тартқан Көлгінов таксимен жүретінін айтты

30 Маусым 2021, 13:04
1923
Бөлісу:
Қызметтік көліктен бас тартқан Көлгінов таксимен жүретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қызметтік көліктен бас тарту шешімін қабылдаған болатынбыз. Бұл – көзбояушылық емес. Әкімдікпен тікелей жұмыс істейтін такси қызметі бар. Біз олардың қызметін қолданамыз. Басқарма басшылары, әкім, оның орынбасарлары, аудан әкімдері таксимен жүреді. Мен «Тойота камри» маркалы көлікті пайдаланамын. Ал орынбасарларым елде шығарылған көліктерді пайдаланады. Осындай көлікті таксимен күнделікті жұмысқа барып келеміз, - деді Алтай Көлгінов.

Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада қанша шақырым газдандырылатынын айтып еді.

Сондай-ақ ол кәріз жолдарын тазалау мен жауын-шашын кезінде су жиналатын көшелер бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын да атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы