Қытайда Орталық Азия СІМ басшылары кездесті

12 Мамыр 2021, 23:23
1682
Бөлісу:
Қытайда Орталық Азия СІМ басшылары кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Сиань қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» форматындағы 2-отырысқа қатысты. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайда Орталық Азия СІМ басшылары кездесті

Іс-шараға Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері де қатысты.

Қытайда Орталық Азия СІМ басшылары кездесті

СІМ басшылары саяси, сауда-экономикалық және транзит-көліктік салалардағы одан әрі өңіраралық өзара іс-қимылдың перспективаларын қарастырды, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік және COVID-19 пандемиясымен бірлескен күрес мәселелерін талқылады, - делінген хабарламада.

Қытайда Орталық Азия СІМ басшылары кездесті

Отырыс барысында тараптар дағдарыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру, ішкі өңірлік кооперацияны нығайту және қоршаған ортаны қорғау бойынша бірлескен жұмыс қажеттігін айтып өтті. Эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелерінде дипломатиялық күш-жігерді жандандырудың маңыздылығы атап өтілді. Форумға қатысушылар тараптар ұсынған бастамаларды іске асыру бойынша жол картасын әзірлеу туралы уағдаласты.

Қытайда Орталық Азия СІМ басшылары кездесті

Тараптар Ауғанстандағы бейбітшілік процесінің барлық тараптары арасында консенсус қалыптастыруға және АИР-дың Оңтүстік және Орталық Азиядағы экономикалық процестерге біртіндеп интеграциялануына бағытталған халықаралық күш-жігерге қолдау білдірді.

Қытайда Орталық Азия СІМ басшылары кездесті

Отырыс қорытындысы бойынша министрлер «Орталық Азия – Қытай» Сыртқы істер министрлерінің кездесу форматын құру туралы меморандум, COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық туралы, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және Ауғанстан бойынша бірлескен мәлімдемелер қабылдады.

Қытайда Орталық Азия СІМ басшылары кездесті

Өзгелердің жаңалығы