Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда өткен тәулікте COVID-19 коронавирусын жұқтырған 118 жаңа жағдай анықталды. Оның ішінде 106 оқиға ел ішінде тіркелген.
Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетіне сілтеме жасай отырып іnterfax.ru хабарлады.
Коронавируспен байланысты аурулардан өлім-жітім тіркелген жоқ. Жексенбіде 109 жаңа инфекция табылды. Ел ішінде - 93, қайтыс болғандар жоқ.
Комитеттің хабарлауынша, дүйсенбіде ішкі инфекциялардың жаңа эпицентрі Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Цзилин провинциясы болды. Онда ауру жұқтырғандар саны артқан.
Кеше 43 жаңа оқиға анықталды. Ал өткен аптаның жексенбісінде тіркелгендер саны - 30.
Бұрын ең ауыр жағдай елдің шығысындағы Хэбэй провинциясында байқалған еді. Соңғы тәулікте Хэбэйде 35 жаңа жағдай анықталды (барлығы Шицзячжуан провинциясының әкімшілік орталығында). Ал бірнеше күн бұрын 54 жаңа инфекция тіркелген (52-сі - Шицзячжуаннан).
Бейжің Хэбэй аумағында орналасқандықтан, қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан провинция аудандарының тұрғындарына ел астанасына кіруге шектеулер қойылды.
Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Африка республикасында коронавирус инфекциясының күннен-күнге өршіп бара жатқаны хабарланған болатын.