Қытайда коронавирусты 99,99% құртатын ультракүлгін шам ойлап табылды

6 Тамыз 2021, 05:25
2678
Бөлісу:
Қытайда коронавирусты 99,99% құртатын ультракүлгін шам ойлап табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайлық ғалымдар коронавирусты дезинфекциялауға арналған 99,99 пайызға дейін тиімділігі бар шам ойлап тапты, деп жазды China Daily газеті.

Газеттің хабарлауынша, шамды Хубэй провинциясының (Орталық Қытай) жұқпалы ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мақұлдаған және әртүрлі заттарды залалсыздандыру үшін ұсынған.

Әзірлеушілердің айтуынша, олардың құрылғысы кәдімгі сынап шамдарына қарағанда әлдеқайда тиімді. Құрылғы елу мың сағатқа дейін жұмыс істей алады, ал бұл шамның энергия шығыны басқа құрылғылардан әлдеқайда аз.

Сондай-ақ бұл құрылғы стафилококк сияқты қауіпті бактерияларды жоюға жарамды деп танылды.

Өзгелердің жаңалығы