Қытайда «дельта» штамына байланысты карантин күшейтілді

2 Тамыз 2021, 15:34
4344
Бөлісу:
Қытайда «дельта» штамына байланысты карантин күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ірі қалалардағы жергілікті билік миллиондаған тұрғынды COVID-19-ға тексерді. Қытайда «Дельта» штамын жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты үкімет бірқатар қалада, соның ішінде Бейжіңде карантинді күшейтіп жатыр. 

Бұл туралы France24 хабарлады.

Індет 20-дан астам қаланы және оннан астам провинцияны қамтыды. «Дельта» штамымен инфекцияның 55 жаңа жергілікті жағдайы тіркелді.

Хунань провинциясындағы Чжучжоу қаласында 1,2 миллионнан астам тұрғынға үш күн үйде қатаң карантинде болуға бұйрық берілді.

Синьхуаның хабарлауынша, жексенбіден бастап танымал туристік бағыт болып саналатын Чжанцзяж қаласындағы Юндин ауданында 1,5 миллион адам тұратын қала бөлігіндегі барлық тұрғын аудан жабылды.

Коронавирустың өршуіне байланысты қала билігі барлық туристен қаладан кетер алдында жаңа типтегі коронавирустың нуклеин қышқылдарына үш сынақ тапсыруды талап етеді. Өйткені соңғы күндері Қытайдың бірнеше қаласы COVID-19 ауруының күрт өскенін хабарлады. Бұл жағдайлардың кейбіреулері Чжанцзяж сапарына байланысты болды.

Бейжің туристерге астанаға кіруге тыйым салды. Қалаға нуклеин қышқылын күшейтудің теріс сынағы болған кезде саяхатшылар ғана кіре алады. Қала билігі тұрғындарды қажет болмаса, Бейжіңнен шықпауға шақырды.

Бұрын хабарланғандай, Нанкинде (Қытай) «дельта» коронавирус штамының өршуі тіркелді, ол қазірдің өзінде Қытайдың 15 провинциясындағы 26 басқа қалаға таралды.

Өзгелердің жаңалығы