Қытай зәулім ғимараттар құрылысына шектеу енгізді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай үкіметі қауіпсіздік мақсатында биіктігі 500 метрден асатын ғимараттарды салуға тыйым салды. Бұл туралы South China Morning Post газеті жазды.</h4>

 10 Шілде 2021 2021, 05:37
10 Шілде 2021 2021, 05:37
2783

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай үкіметі қауіпсіздік мақсатында биіктігі 500 метрден асатын ғимараттарды салуға тыйым салды. Бұл туралы South China Morning Post газеті жазды.

Айта кететін жайт, Қытайда әлемдегі ең биік ғимараттардың жартысы орналасқан.

Үкімет сонымен қатар биіктігі 250 метрден асатын ғимараттардың құрылысына да бірқатар шектеу салды.

100 метр не одан жоғары үйлерді өртті тез сөндіруге болатын аудандарда ғана тұрғызуға рұқсат етіледі.

Наверх