Кениялық желаяқ жаңа әлем рекордын орнатты

14 Ақпан 2021, 23:43
1406
Бөлісу:
Кениялық желаяқ жаңа әлем рекордын орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кениялық желаяқ Беатрис Чепкоеч Монакода өткен жарыста 5 шақырымға жүгіруден жаңа әлемдік рекорд орнатты. 

Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясына (World Athletics) сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды. 

29 жастағы спортшы аталған қашықтықты 14 минут 43 секундта жүгіріп өткен. Бұл нидерландтық Сифан Хассан 2017 жылы орнатқан рекордтан бір секундқа жоғары. 

Айта кетелік, кениялық Беатрис Чепкоеч 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруден 2019 жылғы әлем чемпионы және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы саналады.



Өзгелердің жаңалығы