Қырғызстанның шекара аумағындағы тұрғындарға қару ұстап жүруге рұқсат берілуі мүмкін

26 Мамыр 2021, 09:27
13309
Бөлісу:
Қырғызстанның шекара аумағындағы тұрғындарға қару ұстап жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда арнайы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Оған сәйкес шекара аумағында тұратын тұрғындар арнайы дайындықтан өткеннен кейін қару ұстап жүру мүмкіндігіне ие болады.

Бұл туралы centralasian.org хабарлады.

Қырғызстан Парламентінің бір топ депутаты шекараға уәкілетті адамдарға қатысты заңға өзгеріс енгізетін заң жобасын дайындады. Парламентерийдің пікірінше, «уәкілетті тұрғындардың» қосымша құқықтары мен артықшылықтары болуы керек. 

Авторлар атап өткендей, бұндай өзгерістер елдің тәуелсіздігі мен территория бүтіндігіне қол сұғушылық деректерінің алдын алуға септесетін болады. Сонымен қатар күзеттің күшейтілуіне, шекара аумағы қауіпсіздігінің қорғалуына пайдасы тиеді.

«Шекараға уәкілеттілер» туралы заң 2015 жылдан бастап қолданылып келе жатыр. Құжат мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Оған «Шекараға уәкілеттілер» мәртебесі берілген шекара аумағында тұратын тұрғындар тартылады.

Осындай тұрғындар Шекара қызметіне ақпараттық қолдау көрсетіп отырады. Қазір елде 140 «шекараға уәкілетті» қызметін атқарып келеді. Соңғы 5 жылда олардың арасында жарақаттанғандар немесе зардап шеккендер болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында жанжал болған. Оның салдарынан 178 жәбірленуші медициналық көмекке жүгінді, 34 адам қайтыс болды, оның ішінде бір бала бар. Жанжал аймағынан 33 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Өзгелердің жаңалығы