Қырғызстанда Президент сайлауына дайындық кестесі жарияланады

1 Қараша 2020, 16:41
1254
Бөлісу:
Қырғызстанда Президент сайлауына дайындық кестесі жарияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қарашада Қырғызстанда президентікке үміткерлердің алдын ала тізімі жарияланатын болады. 

Азаттық радиосының мәліметінше, Қырғызстанның орталық сайлау комитеті 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін кезектен тыс Президент сайлауына дайындықтың күнтізбелік кестесін жариялаған. Портал мәліметіне сәйкес, президенттіке үміткерлер тізімі 10 қарашаға дейін бекітіліп, 18 қарашада сайлау учаскелерінде тізім жарияланатын болады. 

Орталық сайлау комитеті тізімнен өзін таппаған үміткер 29 желтоқсанға дейін жауапты ведомствоға жүгіне алатынын хабарлаған. 

Үміткерлер 14 қарашаға дейін өз кандидатураларын ұсына алады. Кандидатты қолдау туралы қол жиналған парақшалар 3 желтоқсанға дейін қабылданады. Кандидаттарды тіркеу 14 желтоқсанда аяқталады. 15 желтоқсан 9 қаңтар аралығында үміткерлер сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы