Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баткен облысында қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды.
24.kg сайтының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 10.30-да Баткен ауданының Құм-Мазар елді мекенінде болған. Шекарашылар оқ атқан. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Үкіметтің Баткен облысындағы өкілетті өкілі Әбдікәрім Әлімбаев шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдай тұрақтанғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта шекараға жиналған екі елдің азаматтары тарап кетті.
Соғды облысының губернаторы Ахмадзода Раджоббамен келіссөздер жүргізілді, біз екі тараптың азаматтары бөлек тұруға келістік. Келіссөздер аудан әкімі және шекара өкілдері деңгейінде де жүргізілді. Бұған дейін тәжікстандықтар Құм-Мазар аумағында сенбілік өткізгісі келген. Бұл біздің азаматтарымыздың наразылығын тудырды, - деді Әбдікәрім Әлімбаев.Ведомствоның мәліметінше, Баткен ауданының Құм-мазар елді мекенінде Тәжікстан азаматтары қырғыз тарапының келісімінсіз учаскеден құм тазалау бойынша іс-шаралар өткізе бастаған.
Оқиға орнына Қырғызстан шекарашылары, жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар келді. Тәжік тарапы қырғыз тарапының жұмысын тоқтату туралы талабына бағынбады. Сонымен қатар тәжікстандықтар Қырғызстан азаматын ұруға тырысты. Әрі қарай, дау төбелеске ұласып, бір-біріне тас лақтырды, - деп жазды ақпарат агенттігі.