КВН ойыншыларына арналған шеберлік сағаты

15 Қазан 2022, 20:08
1514
Бөлісу:
КВН ойыншыларына арналған шеберлік сағаты
Фото: автордан

Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап кітапханасының базасында ерекше шеберлік сағаты өтті деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанай облысындағы тілшісі. 

Аталмыш ерекше шеберлік сағатына жиналған жастар облыстық «Достар» КВН лигасының төрт дүркін чемпионы, КВН командаларының редакторы Арман Есмағамбетовтің дәрісін тыңдады.

Шеберлік сағатына келгендердің арасында КВН ойнауды үйренгісі келетін және осы ойынға алғашқы қадамдарын жасап жатқан мектеп оқушылары мен белгілі бір уақыт ішінде «Достар» лигасында КВН ойнап жүрген жас командалардың қарасы мол болды. Шеберлік сабағында өзекті және күрделі тақырып қозғалды. Оның сыртында өтімді әзілдер менминиатюраларды жазу. Ойынды жобалау схемасы, сценарий жазу құпиялары мен әртүрлі лайфхактар көрсетілді.

Айта кетейін, мұндай шеберлік сабақтары әр ойын алдында өткізіліп тұрады. 20 қазанда «Достар» КВН ойнынының 1/2  кезеңін өткіземіз. Ал редакциялық шолулар басталмай тұрып, қосымша осындай дәрістердің өткізілуі құптарлық бастама. Алдағы жартылай финалға 7 команда қалып отыр. Бірақ жеңіске солардың арасынан біреуі ғана лайық болады. Сондықтан , Қостанай облысының ең үздік КВН командасы атағына таласатын ойын жоғары дәрежеде өтетініне сенімдімін. Оның сыртында жеіске жеткен топ 1 млн теңгеге ие болмақ,- дейді КВН командаларының редакторы Арман Есмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы