Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 2 адам және коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмды.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 37 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 57 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 608, 360 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 507 жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 213 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 73 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр. 1 407 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.