Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 28 қаңтардағы ақпаратты жариялады.
28 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 348 адам коронавирус инфекциясынан (15 690 КВИ+ және 11 658 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 525 пациент стационарда, 20 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 274 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.