Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 20 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
20 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 290 адам коронавирус инфекциясынан (61 705 КВИ+ және 8 585 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
13 333 пациент стационарда,
56 957 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 051 адамның жағдайы ауыр,
278 пациенттің жағдайы өте ауыр,
143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.