КВИ-ден 3, пневмониядан 4 адам қайтыс болды

25 Ақпан 2021, 09:01
1270
Бөлісу:
КВИ-ден 3, пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың 25 ақпанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жария етті.

25 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 342 адам коронавирус инфекциясынан (13 261 КВИ+ және 7 081 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 538 пациент стационарда, 15 804 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген таратылған ақпаратта.
КВИ-ден 3, пневмониядан 4 адам қайтыс болды

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 240 адамның жағдайы ауыр;
• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

КВИ-ден 3, пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Сонымен қатар ведомство COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де таратты.

2021 жылғы 23 ақпандағы мәлімет бойынша 74 жағдай тіркеліп, 4 жағдай өліммен аяқталған. 211 адам жазылып шыққан, - делінген хабарламада.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 49 121, өлім жағдайлары - 619, барлығы 41 421 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы