Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
25 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 54 жағдайы тіркелді.Оған қоса 216 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49226, 620 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 41849-ға жетті.