Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өңірлерде орташа баға айына 2-4 мың теңгеге көтеріледі. Бұл аймаққа байланысты. Жылуды үнемдеуге шақырамыз. Жылу бойынша норматив 21 градусты құрайды. Тұрғындар қыста 23-25 градус жылуға үйреніп қалса, жылуды нормативке дейін төмендеткен жағдайда олар шағым айта бастайды. Бұл қыста терезені ашып, температураны ретке келтірудің қажеті жоқ екендігін білдіреді. 20-21 градус нормаға үйрену керек. Қыста бұл қалыпты жағдай, ресурсты үнемдеу керек. Адамдар бізде үйдің қатты ыстық болғанына үйреніп алған. Сол үшін де желіге үлкен күш түседі, - деп түсіндірді ведомство басшысы Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында.
Оның айтуынша, тұрғындар көрсеткіштерді бақылап, үнемдеу үшін құралдармен жабдықтау да белсенді болғаны абзал.
Қазір қазақстандықтардың есептеу құрылғысымен қамтылуы 74%-ға жетті. Барлығы тарифке байланысты емес. Бюджет өзіне үлкен жүктеме алып отыр. Тариф азаматтарға қолайлы болғаны дұрыс. Онымен қоса, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін әкімдік арқылы өтемақы жасау мүмкіндігі бар, - деді Әлібек Қуантыров.