Ақмолада күйеуінің ақшасын жымқырып келген әйел ұсталды

2 Тамыз 2019, 11:47
1711
Бөлісу:
Ақмолада күйеуінің ақшасын жымқырып келген әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы полициясы күйеулерінің ақшасын ұрлаған әйелдерді құрықтады. Ұрылардың біреуі хат жазып, тіпті кешірім сұрап 10 мың теңге тастап кеткен. Бұл туралы ktk.kz жазды.

Ведомствоның мәліметінше, бір-біріне ұқсас екі қылмыс облыстың әр өңірінде тіркелген. 

«Шілденің 29-да Целиноград ауданы Новоишимка ауылының 40 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз адам үйіне кіріп, сейфтегі 250 мың теңгесін алып кеткенін айтты. Жедел іздестіру шарасы кезінде ұры - 29 жастағы келіншек, зардап шегушінің азаматтық некеде болған бұрынғы әйелі екені анықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Бұған дейін 7 шілдеде Целиноград ауданы Талапкер ауылының 38 жастағы тұрғыны арызданып, пластик терезені бұзып кірген белгісіз біреу 300 мың теңге ақшасын қолды еткенін айтқан болатын. 

«Бұл жолы зардап шегушіге хат келген. Онда ұры кешірім сұрап, ұрланған ақшаны екі аптаның ішінде қайтаратынын айтып, уәде еткен. Хаттың ішіне 10 мың теңге ақша салып жіберген. Полицияға қолжазбаны жазған адамды табу қиынға соқпады. Жедел іздестіру шарасы кезінде осы іс бойынша күдікті Талапкер ауылының 26 жастағы тұрғыны, зардап шегушінің әйелі екені анықталды», - деп толықтырды ведомствоның баспасөз хатшысы. 

Айта кетейік, бірінші оқиғада ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрғандықтан, зардап шегуші істі тоқтату туралы арыз берсе, екінші жағдайда екеуі заңды некеде тұрғандықтан іс тоқтатылды.  

Өзгелердің жаңалығы