Астаналық әпкелі сіңлі Колодалар бүгін Азия чемпионатынан бір күміс бір қоламен елге оралды. Чемпионаттың жүлдегерлерін темір жол вокзалынан қалалық спорт басқармасының өкілдері мен жақындары ыстық ықыласпен күтіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жеңісті барша Қазақстан халқының жетістігі деп білемін. Баршасына, әсіресе Астана қаласының әкімдігіне және қалалық спорт басқармасына қолдау жасап жүргені үшін үлкен алығысымды айтқым келеді. Қашанда елордалық спортшыларды қолдап, осылай күтім алғанына ризашылығымды білдіремін,-дейді 4-ші Азия чемпионатының күміс жүлдегері Анастасия Колода.
Еске алсақ, ағымдағы жылдың 13-16 қазан күндері шығыс орта елдерінің астанасы Кувейт қаласында
30 мемлекеттен 400-ге жуық жеңіл атлетшілер өзара бақтарын сынаған болатын. Дүбірлі Азия чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 27 спортшы қатысты. Олардың арасында елордалық әпкелі сіңлі Колодалар да бар. Атап айтқанда, 400 м кедергілер арқылы жүгірген Анастасия Колода қарсылас шақ келтірмей, күмісті еншіледі. Ал, Екатерина Колода осы қашықтықта 4-ші орыннан көрінді.
Жарыс қортындысы бойынша, Қазақстан құрамасы U18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль салып, жалпы командалық есепте бесінші орынмен аяқтады.