Құстармен соқтығысқан ұшақтың неліктен қонғаны белгілі болды

11 Қараша 2020, 11:31
1555
Бөлісу:
Құстармен соқтығысқан ұшақтың неліктен қонғаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  SCAT әуекомпаниясының PR-менеджері Виктория Старожилова құстармен соқтығысқан Атырау-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтың неліктен әуежайға қайта қонғанын түсіндірді.

Оның айтуынша, ұшақ қозғалтқышы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған. Дегенмен командир жағдайды реттеу үшін қайта қонуды жөн деп шешкен. 

Ұшақ шұғыл түрде қонған жоқ, бұл штатты қону болды. Командир ұшақты өзі тоқтатты. Ұшақ сағат 22:05 кезінде ұшып,  22:17-де қайта қонды. Олар қажетті биіктікке де көтеріліп үлгермеген, - дейді ол.

Сонымен қатар, ол ұшақ ішіндегі жолаушылардың кейбірі үрейге берілгенін де атап өтті.

Жолаушылар арасында үрейге берілгендер болды, тарап жатқан видеодан үрейге берілген әйелді көрген боларсыздар. Дегенмен бортсеріктер оларды жұбатып, қорқынышты ештеңе жоқ екенін айтты, - деді Виктория Старожилова. 

Ұшақ топтасқан құстарға соғылғанда ұшқыш не істеу керек, қандай әрекетке барау қажет деген сұрағымызға ол былай жауап берді:

Бұл жайында олардың өз нұсқаулықтары бар. Тәжірибелі ұшқыш ондай жағдайда не істеу керектігін жақсы біледі. Биіктікте құстардың болуы, әрине, ұшақ үшін үлкен мәселе. Оларды үркітіп отырады, алайда, осы жолы топтасқан  құстар өте көп болды. Жалпы құстармен соқтығысу жағдайы барлық ұшақта әрдайым болып тұрады, - деді ол. 

Ұшақ қонған соң, жолаушылардың барлығы әуежайға жеткізіліп, сол күнгі рейс кейінге қалдырылған. Келесі рейспен қайтқысы келмеген жолаушыларға билеті қайтарылған, ал ұшқысы келетіндерге билет брондалыпты. 

Бұған дейін құстармен соқтығысқан ұшақ ішіндегі жолаушылардың видеосы тараған болатын.

Өзгелердің жаңалығы