Күшті магниттік дауыл: Наурызда ерекше абай болу қажет күндер

Бүгiн, 08:32
370
Бөлісу:
Күшті магниттік дауыл: Наурызда ерекше абай болу қажет күндер
Фото: pixabay.com

Наурыз айында Жер бетінде түрлі қарқындықтағы күшті магниттік дауылдар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ-тың мұхиттық және атмосфералық зерттеу ұлттық басқармасына қарасты ғарыштық ауа райын болжау орталығының мамандары (NOAA) адамдардың денсаулығы мен техниканың жұмысына әсерін тигізуі мүмкін геомагниттік құбылыстар туралы ескертеді.

Болжамға сәйкес, магниттік дауылдар бірнеше толқыннан тұрады. Сондай-ақ ол шарықтау шегіне айдың ортасында жетуі мүмкін:

  • 7-8 және 16-18 наурыз – әлсіз магниттік белсенділік, ерекше сезімтал жандардың денсаулығында кішігірім проблема тудыруы ықтимал.
  • 1, 9, 15 және 26-28 наурыз – бас ауруын, шаршаңдық пен жалпы жайсыздықты тудыруы мүмкін шектеулі геомагниттік белсенділік.
  • 12-14 наурыз – метеосезімтал адамдарға ғана емес, спутниктік және радиобайланыс жүйелеріне де қауіп төндіретін күшті магниттік дауыл.

Сарапшылар жоғарыда аталған күндері ерекше абай болуға шақырады. Көбірек тынығып, стрестен бойыңызды аулақ ұстап, физикалық белсенділікті азайта тұрған жөн.

Өзгелердің жаңалығы