Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Үкіметі «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларының кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 17 тамыздағы қаулы қабылдады.
Жаңа қаулының 1-қосымшасына сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар, ал 2-қосымшасына сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталынатын болады.
Сонымен бірге:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып табылады;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мұрағат істері және құжаттаманы басқару комитеті 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Атап айтқанда, Мәдениет комитетіне қайта аталғандар кіреді:
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.