«Құрманғазы» автоөткелі арқылы бір тәулікте 230-дан астам адам өткен

17 Сәуір 2021, 21:40
2447
Бөлісу:
«Құрманғазы» автоөткелі арқылы бір тәулікте 230-дан астам адам өткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы бойынша «Атырау – Астрахань РФ» мемлекеттік шекарасында «Құрманғазы» автоөткелі арқылы азаматтардың келуіне мониторинг күнделікті жүргізіліп отыр.

Соңғы тәулікте облыс аумағына «Құрманғазы» автоөткеліндегі мемлекеттік шекарадан 232 адам, оның ішінде 50 жолаушы және 182 халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер өткен. 
 

Анықтамасыз келген 5 ҚР азаматы карантиндік стационарға орналастырылып,  ПТР тестілеу өткізілді, барлық жолаушылардың тест нәтижелері теріс болды.
 

2020 жылғы 6 қазанда шектеу шаралары енгізілгеннен бастап Атырау облысына 33976  адам, оның ішінде  5345  жаяу жүргінші, 28631 жүргізуші келген. Облыс аумағына кіруге анықтамасыз келген 305 шетел азаматтарына тыйым салынды. Анықтамасыз келген  3386  Қазақстан азаматтарына COVID-19-ға ПТР тестілеу жүргізіліп, одан COVID-19-дың шеттен әкелінген 13 жағдайы (9 жүргізуші, 4 жолаушы) анықталған.
 

Өзгелердің жаңалығы