Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында ауылдық құс фабрикасы тауық етінің алғашқы партиясын сатты. Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Бұйырғын» өндірістік кооперативіне қарасты Құс фермасы заманауи технологиялар арқылы қайта жабдықталды. Ферманың жылдық қуаттылығы – 312 тонна. Өткен жылы қайта іске қосылған ферма 79 тонна құс етін өндірді, – деп атап өтті аудан әкімі Қайрат Нұртаев.
40-тан астам жергілікті тұрғындар жұмыс істейтін ауылдық құс фабрикасы жылына 312 тонна құс етін шығаруды жоспарлап отыр.