Күріштің жаңа сорттары өндіріске енгізіледі – Қызылорда облысының әкімі

7 Желтоқсан 2023, 13:03
929
Бөлісу:
Күріштің жаңа сорттары өндіріске енгізіледі – Қызылорда облысының әкімі
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қызылорда өңірінде су тапшылығына қарамастан күріш өнімі өткен жылмен салыстырғанда бірдей болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірде егін науқанының қорытындысы бойынша әр гектардан 56,5 центрнерден өнім алынып, қамбаға 503 мың тонна күріш жиналған. Облыс әкімінің айтуынша, суды үнемді пайдалану үшін тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерінің қолдану аясы кеңейтіледі.

Аймақта күріштің, өзге де дақылдардың жаңа сорттарын шығарып, өнім сапасын арттыру үшін Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметіне басымдық беріледі. Жақында Ауыл шаруашылығы ғылым Академиясымен агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Өнімділігі жоғары, өсу мерзімі қысқа күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізудеміз. Ғалымдар бірнеше жаңа сорттарды сынақтан өткізіп жатыр. Биылғы нәтиже жақсы. Пилоттық жобадағы сорттар 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте пісті,-деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Өңірде күріш өнімі бойынша биылғы көрсеткіш сақталатын болса, 2025 жылдан бастап жаңа сорттар қолданысқа енеді.

Өзгелердің жаңалығы