Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өздеріңіз жақсы білесіздер, еліміз – аграрлық мемлекет. Біздің болашағымыз мұнайға байланысты емес, аграрлық саланың дамуына байланысты. Сондықтан алдағы жылдары Президент саясатының шеңберінде ауыл шарушылығы саласында үлкен серпіліс болады. Оны бәріміз білеміз, түсінеміз. Ондай серпіліс болу үшін бізге нақты, жаңа форматтағы кадрлар қажет, жаңа технологияларға ауысуымыз керек. Ол үшін мемлекетімізде халықаралық деңгейдегі белгілі шетелдің ғалымдарымен бірге заманауи ғылыми зерттеу университеті құрылады. Осы Президенттің жобасын іске асыруға өздеріңізден рұқсат сұрап, бара жатырмын, - деді Ақылбек Күрішбаев.
Депутаттың айтуынша, Сенат өзі үшін үлкен белес, тәжірибе алаңы болған.
Еске сала кетейік, сенатор Ақылбек Күрішбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттілігін тоқтату туралы өтініш жасаған болатын. Оның өкілеттілігі мерзімінен тоқтатылғаны бүгінгі Сенат отырысында жария етілді.