Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

26 Мамыр 2021, 15:32
5597
Бөлісу:
Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт қауіпті кезеңде қалай жұмыс істейтіндерін және құрғақ шөптердің жануын қалай бақылап, сөндіретіндерімен таныстырды.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Мамандардың айтуынша, терек мамығы тез тұтанады және үлкен өртке, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ өрттің ең үлкен қаупі - ағаш құрылымдары.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Терек мамығының жануына байланысты өртті болдырмау және азайту мақсатында, сондай-ақ тұрақты және ыстық ауа райын ескере отырып, коммуналдық қызметтердің, пәтер иелері кооперативтерінің аулаларды, тротуарларды, сондай-ақ оттың тез таралу қабілетіне байланысты терек мамығы жиналатын басқа да орындарды тазалау, жинау және төгу жөніндегі шараларға бағытталған жұмысын күшейту қажет.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою мақсатында 2021 жылғы өрт қауіпті маусымда «Өрт қауіпті кезеңде қаланың аумақтық шекараларында орман-дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Қала шекарасының 6 бағыты бойынша шолғыншы жылжымалы бекеттер ұйымдастырылды. Қала периметрі бойынша ашық аумақтарда өрттерді уақтылы анықтау үшін ТЖД күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына суреттерді шығара отырып, биік ғимараттарда бейнебақылау камералары орнатылды. Қала айналасындағы жасыл белдеуде жануды анықтау және жедел хабарлау үшін қосымша қарау мұнаралары орнатылды, онда бинокльмен және байланыспен жабдықталған орманшылар кезекшілік етеді.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері әкімшілік ықпал ету ретінде Полиция департаменті мен ТЖ департаменті жалпы сомасы 2 млн 108 мың 591 теңгеге 368 әкімшілік хаттама жасады.

Есепті кезеңде осы жылы 22 мамырдағы жағдай бойынша елорда аумағында 180 құрғақ өсімдік жануы орын алды. Салыстырмалы түрде 2020 жылы 56 жағдай. Жанудың жалпы ауданы 80 267 м2, ал 2020 жылы 10 992 м2 құрады.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлының айтуынша, өрт көбінесе адамдардың кесірінен туындайды.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Адамдар демалуға шыққанда соңдарынан шаққан отты сөндіріп кетпейді. Құрғақ шөптің жануына тұтанған бір сіріңке немесе темекінің қалдығы жетіп жатыр. Осындай кішкентай ғана от үлкен алауға әкеп соғуы мүмкін. Қазір адамдар бір жерде өрт шықса, бірден 112-ге хабарлаудың орнына, телефонына видеоға түсіріп тұрады. Егер дер кезінде қоңырау шалынса, ауқымды өрттің алдын алуға болады, - дейді ол.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Оның айтуынша, 112 жедел нөміріне күніне түрлі сұрақтармен 1500-2000 қоңырау түседі.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Күннің күрт ысуы салдарынан құрғақ шөптер мен терек мамығы өртінің қауіпті кезеңі басталды. Егер жаңбыр жауып, күн салқындаса, онда қауіпті кезең төмендейді.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Өрт сөндірушілердің айтуынша, қаладағы терек мамықтары өртінің алдын алу үшін оларға су шашып, басу қажет. Кейін оны коммуналдық қызметкерлері жинап алуы керек. Осындай алдын алу шаралары дер кезінде жасалса, өрт тіркелмейді,

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Сонымен қатар басқарма бастығы елордалықтар мен қала қонақтарынан қарапайым ережелерді ұстануға шақырады:

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

- кез келген ашық отты пайдаланғанда сақ болыңыз;

- жасөспірімдер мен балалардың мамық өртеу ойындарының жолын кесіңіз. Мұндай отпен ойнау жағдайлары ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіріңіз;

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

- терек мамығының жануын болдырмау үшін коммуналдық қызметтер мен ПИК - терек мамығының жиналу орындарын, аулаларды, жаяу жүретін жолдарды, сондай-ақ терек мамығының жиналу орындарын дер кезінде тазалауға, жинауға және төгуге назар аудару қажет;

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

- жеке сектор тұрғындарына үй маңындағы аумақтарды тазалауды қолға алу қажет;

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

- табиғат аясына демалуға шыққан кезде жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастамау, балалардың сіріңке және отпен ойнауына жол бермеу, аң аулауда бықсыған материалдардан жасалған тығындарды пайдаланбау, от жақпау және құрылыстардың жанында қоқысты өртемеу қажет;

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

- алауды тек топырақ қабатына дейін тазартылған алаңға жағыңыз. Демалу орнынан шыққан кезде отты сумен сөндіріңіз немесе ошақта жану және бықсу толық тоқтағанша топырақпен көміңіз;

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

- шыны ыдыс пен сынған әйнекті қалдырмаңыз. Басталған өртті сумен, ұзындығы 2 метрге дейінгі жапырақты ағаш бұтақтарымен сөндіріңіз немесе топырақ лақтырыңыз.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өрт оқиғаларын болдырмауға мүмкіндік береді және сіздің өміріңіз бен мүліктеріңізді сақтайды, – деді Еркін Отарғалымұлы.

Құрғақ шөп, терек мамығы: Өрттің алдын алу үшін қандай ереже сақтау керек?

Өзгелердің жаңалығы