Күрестен әлем чемпионатында спортшыларымыз жүлдеге іліне алмады

Албанияның Тиран қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан командасының екі өкілі жүлде үшін таласты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

 olympic.kz 26 Қазан 2024 2024, 08:55
26 Қазан 2024 2024, 08:55
886
Фото: olympic.kz

Албанияның Тиран қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан командасының екі өкілі жүлде үшін таласты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Финалдық жекпе-жекке 50 келіге дейінгі салмақта Лаура Ғаниқызы және 76 келіге дейінгі салмақта Алина Ертөстік жетті. Алайда екі балуан да мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.

Ғаниқызы жапониялық Уми Итодан 11:0 есебімен жеңілсе, Ертөстік те Нодоко Ямомотоға (Жапония) есе жіберді - 11:0.

Наверх