Құрбан айт алдында иесінен қашып кеткен бұқа елордалықтарды әбігерге салды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы көшелердің бірінде иесінен қашып кеткен бұқа елордалықтарды біраз әбігерге салды. polisia.kz-тен белгілі болғандай, полиция бөлімшесіне Жұбанов көшесінің адамдар көп жүретін бөлігінде қара малдың жүргендігі туралы хабарлама түскен. </p>

 19 Шілде 2021 2021, 16:40
19 Шілде 2021 2021, 16:40
4619

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы көшелердің бірінде иесінен қашып кеткен бұқа елордалықтарды біраз әбігерге салды. Полиция бөлімшесіне Жұбанов көшесінің адамдар көп жүретін бөлігінде қара малдың жүргендігі туралы хабарлама түскен.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына кедергі келтіріп, апатты жағдай тудырған жануарды ұстап алып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Ірі қараны полиция қызметкерлері Иманов көшесіндегі үйдің ауласына байлап қоюға мәжбүр болыпты. 29 жастағы ер адам бұқаны Құрбан айтқа деп әкелгені анықталды. Ірі қараның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


Наверх