Құны 12 млрд доллар болатын мұнай-газ-химиясы жобасы іске асырылады

31 Тамыз 2021, 22:27
2269
Бөлісу:
Құны 12 млрд доллар болатын мұнай-газ-химиясы жобасы іске асырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Татарстан мұнай-газ-химиясы форумында сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Қазан қаласында өтіп жатқан форумның ашылуында сөйлеген сөзінде ҚР Энергетика министрі Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында экономиканың негізгі салаларының бірі – мұнай-газ-химиясы саласында оң даму серпіні байқалатынын атап өтті.

Бұған дәлел ретінде ағымдағы жылы біздің ірі мұнай-газ компанияларымыз «ҚазМұнайГаз» АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ арасында бутадиен мен оның туынды өнімдерін шығару бойынша өзара іс-қимылдың базалық шарттары туралы келісімге қол қою болып табылады, - деді Нұрлан Ноғаев.

Осы жоба бойынша инвестициялар көлемі шамамен 820 млн долларды құрайды, аяқталу мерзімі – 2026 жыл. Зауыт өнімдері Ресей Федерациясына, Еуропаға, Түркияға және Қытайға жеткізіледі деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Қазақстанда хошиісті көмірсутектер, жағар майлар, полипропилен және бензинге арналған октан қанықтыратын қоспалар өндіретін зауыттар табысты жұмыс істеуде.Бұл зауыттар шығаратын өнім желісі ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие, сондай-ақ Қытай, Ресей, Өзбекстан және т.б. көрші елдерге экспортталады.

Сондай-ақ Қазақстанда қуаттылығы жылына 500 мың тонна, құны 2,6 млрд долларды құрайтын полипропилен өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде.

Бұдан басқа мынадай өндірістік жобалар әр түрлі даму сатысында:

- Полиэтилентерефталат (жылына 1 миллиард долларға 430 мың тонна);

- метанол (жылына 130 мың тонна, құны 200 миллион доллар);

- олефиндер (жылына 800 мың тонна/ құны 1,8 миллиард доллар);

- полиэтилен (жылына 1,250 миллион тонна/құны 7,6 миллиард доллар);

- (жылына 186 мың тонна, құны $820 млн);

- негізгі майлар (280 жылына құны $860 млн).

Аталған жобалардың жалпы құны шамамен 12 млрд долларды құрайды.

Біз осы саладағы жобаларды табысты іске асыру үшін барлық қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін боламыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы мұнай-газ-химияның дамуына серпін берді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде осы бағытты дамытуға қатысты алдымызға үнемі міндеттер қойып келеді. Қазіргі уақытта Үкімет мұнай-газ-химия саласында арнайы инвестициялық келісім әзірлеуде, онда осы саланы дамытуға инвестицияларды ынталандыруға бағытталған ерекше преференциялар қамтылатын болады, - деп түйіндеді ҚР Энергетика министрі.

Татарстан Республикасына жұмыс сапары аясында Нұрлан Ноғаев ЕО-ның карбонсыздандыру туралы шешімі шеңберінде ОЭК даму парадигмасына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады, әріптестерімен жол құрылысы мен құрылыс саласында мұнай-химия өнімдерін пайдалануды кеңейтуді талқылайды, сондай-ақ Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы