Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бір аптадағы орташа бағаларын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның тізіміне 19 түрлі тауар кіреді. Бұл баға өзгерісі туралы көрсеткіш апта сайын жаңартылып отырады.
Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.
Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
Сонымен, ел бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасын назарларыңызға ұсынамыз.
Бірінші сортты бидай ұны Астанада 286 теңгеден сатылды. Республика бойынша ең қымбаты Талдықорғанда екен. Оның бағасы – 271 теңге. Ал ең арзаны Петропавлда. Мұнда бірінші сортты бидай ұны дүкендерде – 150 теңге.
Ал бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нанның ең қымбаты Жезқазған қаласында тіркелді. Мұнда дүкендерде ас атасы – 257 теңге. Ал ең арзаны қазіргі таңда – Ақтөбеде. Бас қалада нанның бағасы 215 теңгеден сатылды.
Макарон өнімдерінің (өлшеніп салынатын) ең қымбаты Семейде болып тұр. Ол – 360 теңге. Ал ең арзаны – Петрапавлда. Мұнда рожкилер 254 теңге тұрды.
Ал өлшеніп салынатын күріштің бағасы бойынша Семей көш бастап тұр. Себебі мұнда күріштің бағасы 482 теңге. Ал ел бойынша ең арзан күріш – Қызылордада. Оның бағасы – 383 теңге.
Қарақұмық (өлшеніп салынатын) Астанада 183 теңгеден сатылды. Оның ең қымбаты Түркістанда тіркелді. Онда азық-түліктің бұл түрі 226 теңгеден сатылды. Ал ең арзаны Павлодарда. Оның бағасы – 151 теңге.
Соңғы бір аптада күнбағыс майының ең қымбаты елордада тіркелді. Оның бағасы 843 теңге болды. Ал ең арзаны – Қызылордада. Ол – 683 теңге.
Ал тұздалмаған сары май ел бойынша ең арзаны Түркістанда сатылды. Оның бағасы – 3796 теңге. Ал ең қымбаты – Оралда. Бұл өңірдің тұрғындары дүкендерден оны 5797 теңгеден сатып алды.
Сиыр етінің, әсіресе, жауырын-төс бөлігінің келісін елордалықтар 2834 теңгеден сатып алды. Оның ең арзаны Ақтөбеде болды. Мұнда өңір кәсіпкерлері етті келісін 2437 теңгеден сатылымға шығарды. Ал ең қымбаты Өскеменде тіркелді. Оның бағасы – 2850 теңге.
Ал тауық еті Семейде – арзан. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өңірде 1209 теңгеден сатылды. Ал ең қымбаты – Жезқазғанда. Аймақ тұрғындары еттің бұл түрін 1618 теңгеден сатып алды.
Ал майлылығы 2,5 пастерленген сүттің ең арзаны – Көкшетауда. Ол – 303 теңге. Ал ең қымбаты Алматыда тіркелді. Ол дүкендерде 468 теңгеден сатылды. Ал ел ордасы Астанада оның бағасы – 413 теңге.
Соңғы 7 күнде айранның ең қымбаты Өскеменде, ең арзаны Талдықорғанда тіркелді. Бұл өңірлерде ол 505 және 358 теңгеден сатылды. Ал Астанада айранның бағасы – 449 теңге.
Сүзбе елордада 2523 теңгеден сатылды. Ел бойынша оның ең қымбаты Ақтауда, ал ең арзаны Петропавлда. Бұл өңірлерде тұрғындар сүзбені 2877 және 1622 теңгеден сатып алды.
Ал көкөністердің ішінде картоптың бағасы Астанада 236 теңгеден болды. Ел бойынша оның ең қымбаты Жезқазғанда, ал ең арзаны Павлодарда сатылды. Бұл өңірлерде картоптың бағасы – 298 және 172 теңге.
Сәбіздің де бағасы қыста қымбаттайтыны көпке мәлім. Көкөністің бұл түрі елордада 128 теңгеден болды. Ал оның ең қымбаты Қонаевта, ең арзаны Павлодарда.
Өңірлерде сәбіз 195 және 97 теңгеден сатылды.
Пияздың ең арзаны Таразда, ең қымбаты Жезқазғанда сатылды. Бұл аймақтарда ол 103 және 171 теңгеден болды. Ал ел ордасы Астанада оның бағасы – 139 теңге.
Қырыққабаттың бағасы елордада – 193 теңге. Оның ең қымбаты Жезқазғанда, ең арзаны Түркістанда. Бұл аймақтарда ол 253 және 118 теңгеден сатылды.
Соңғы бір аптада құмшекер Астанада 401 теңгеден болды. Оның ең қымбаты Талдықорғанда, ең арзаны Таразда. Мұнда ол – 419 және 362 теңге.
Ал I санатты жұмыртқаның ең арзаны Петропавлда, ең қымбаты Алматыда тіркелді. Мұнда ол 471 және 606 теңгеден сатылды. Бас шаһарда жұмыртқаны халық 592 теңгеден сатып алды.
Ал ас тұзының бағасы Астанада 92 теңгеден болды. Республика бойынша ең қымбаты Алматыда, ең арзаны Ақтөбеде тіркелді. Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бұл түрі 100 және 55 теңгеден сатылды.