Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Kundelik жүйесінен деректердің таралуы: компания ақпаратты жоққа шығарды

Кеше, 22:25
134
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Мектептерге арналған бірыңғай электрондық білім беру платформасы – Kundelik жүйесін әзірлеуші компания «оқушылардың жеке деректері интернетке тарады» деген ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания мәліметінше, әлеуметтік желілер мен анонимді Telegram-арналарда таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Дербес деректердің тарап кеткені туралы хабарлама жауапкершілік алмайтын анонимді Telegram-арна арқылы таратылған. Қазіргі уақытта Kundelik жүйесінен деректердің таралу фактісі расталмаған, – делінген компания мәлімдемесінде.

Kundelik өкілдері аталған жағдайға байланысты ішкі техникалық тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін интернетте Kundelik электронды күнделігі пайдаланушыларының кем дегенде бірнеше мың дерегі жария болғаны туралы ақпарат тараған еді.

Өзгелердің жаңалығы