Күн салқындайды: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның оңтүстігінде күн күрт суытады.

 ©BAQ.KZ архиві 18 Ақпан 2026, 13:01
18 Ақпан 2026, 13:01
1186
Фото: ©BAQ.KZ архиві

19, 20 және 21 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Қазгидромет» синоптиктері 19, 20 және 21 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның оңтүстігінде күн күрт суытады

Синоптиктер биылғы қыс Қазақстанның оңтүстігінде жылы болғанын атап өтті.

Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде қыс бойы әдеттен тыс жылы ауа райы сақталып тұрды. Алайда қыс – қыс, сондықтан жақын күндері ол өз күшін көрсетеді. Суық ауа массалары Қазақстанның оңтүстігі арқылы жылжып, жауын-шашынға (жаңбырдың қарға ұласуы), кей жерлерде қатты жауын-шашынға, желдің күшеюіне, көктайғақ құбылыстарына, сондай-ақ ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Күндіз және түнде термометр бағандары 2–7 градус жылы деңгейге дейін төмендейді, - деді метеорологтар.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер наурызда Астанада ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Наверх