Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық жазушы Жан Ақжанов тұрмыстық жемқорлық туралы бұған дейін де бірнеше кітап жазған.
Жан Ақжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен екі ай бойы еліміздің барлық өңірін аралап, жастармен 137 кездесу өткізді.
Біздің басты мақсатымыз – азаматтарды, оның ішінде жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдебиетке баулу. Несін жасырайын, қазір жастар кітап көп оқымайды, сондықтан жұмысымыздың бір парасы осы бағытты да қамтиды десем болады. Барлық өңірде кездесулер белсенді өтті. Осы іс-шаралардан өзіне бір нәрсе түйіп, санасын өзгерте алғандар болса, мақсатымның бір бөлігі орындалды. Менің кітаптарымның сюжетінде жемқорлық мәселе көп кездеседі. Мысалы, "Дәрігер жолы" кітабым. Онда бір адамның ашкөздігінен емханада емделіп жатқан бас кейіпкер зардап шегеді. Сюжет осы бағытта дамиды. Кейін кітабымды оқып шыққан дәрігерлерден көп хат алдым. Олардың айтуынша мұндай жағдайлар өмір де кездеседі, - деді Жан Ақжанов.
Ал жазушының "Күн саған түнде күлімсірейді" шығармасының сюжетіне ҚТЖ қызметкерлері арасындағы жемқорлық мәселесі арқау болған. Автордың айтуынша жақын арада мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жемқорлыққа да байланысты кітап шығып қалуы мүмкін.
Көбі мемлекеттік қызметкерлер туралы кітап жазуымды өтінеді. Елімізде 30 жылдың ішінде олардан басқа, дәрігерлер, полиция қызметкерлері турады да шығарма көп емес. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері мен әскерилер жайында кітапты бастадым, онда да жемқорлық элементтері болады. Адамдар менің кейіпкерлерім туралы сұрайды, оқиғаларды қайдан алатынымды білігісі келеді. өкінішке қарай, бұл тұрмыстық жемқорлық және біз онымен жиі кездесеміз. Сондықтан бұл мәселені барынша көтеріп, бірлесе күресуіміз қажет, - деді жазушы.
Әзірге сыбайлас жемқорлық мәселесін жан-жақты көтере білген кітаптардың тиражы көп емес, сондықтан қалың оқырманға жетпей жатқан күйі бар. Алайда Жан Ақжанов жақын уақытта жағдай түзеліп, оның жазған шығармалары кітап сөрелерінен табылатынына сенеді.