Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды

23 Қаңтар 2025, 22:50
509
Бөлісу:
 BAQ.KZ - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

23 қаңтар сағат 21:10 ауа райының бұзылуына байланысты "Үшарал-Достық" автожолының 10-164 шақырым аралығындағы учаскеде (Үшарал қаласы - Достық станциясы) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ 23 қаңтар сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, - деп атап өтті компаниядан.

Ақмола облысы:

  • "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығы (Астана қаласы - Щучинск қаласы).

Қостанай облысы:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 7-108 шақырым аралығы (Тобыл қаласы - Әулиекөл ауылы).

Жолды 24 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы