Ресейдің Күн астрономиясы зертханасы 21-22 қарашаға арналған геомагниттік белсенділік болжамын жариялады. Мамандар келесі аптада ғарыштық ауа райы қандай болатынын да түсіндірді.
Мамандардың мәліметінше, Күн белсенділігі төмендеп келеді. Соңғы тәулікте тек C9.6 класындағы бір ғана елеулі жарқыл тіркелген. Болжам бойынша, белсенділіктің төмендеуі демалыс күндерінің соңына дейін жалғасады.
Қазір Күн бетінде бес шағын топқа біріктірілген онға жуық дақ бар. Олардың барлығы белсенділіктің ең төменгі деңгейіне жататын альфа және бета санаттарына кіреді.
21 және 22 қарашада геомагниттік жағдай тыныш болады. Күшті магниттік дауылдардың туындау ықтималдығы жоқ. Алайда 23 қараша, дүйсенбі күні жағдай өзгеруі мүмкін. Ғалымдардың есебінше, бұған алдыңғы күні болған Күн плазмасының шағын лақтырылуы әсер етуі ықтимал. Соның салдарынан геомагниттік ауытқулар байқалуы мүмкін.
Сонымен қатар Күнде шағын тәждік қуыс пайда болған. Оның Жерге әсері 27-28 қарашада күтіледі. Екі жағдайда да ықпал әлсізден орташа деңгейге дейін болады деп болжанып отыр.
Мамандар келесі аптаның басында Күн белсенділігінің индексі нөлге дейін төмендеуі мүмкін екенін атап өтті.