Күлтегін мен Білге қаған туралы тастағы жазулар тарихымыздың тереңдігін танытады - Тоқаев

15 Желтоқсан 2021, 16:24
2915
Бөлісу:
Күлтегін мен Білге қаған туралы тастағы жазулар тарихымыздың тереңдігін танытады - Тоқаев

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Тағдыр тауқыметі ұлтымыздың жүрегінен азаттық рухын өшіре алмады. Қазақтың қайсар ұл-қыздары қашанда елді бостандыққа үндеп, жігерін жани білді. Біздің мемлекеттілік тарихымыз көне заманнан бастау алады. Бір кезде бөрілі байрақ көтерген көк түріктер мәңгі ел болуға ұмтылды. Күлтегін мен Білге қаған туралы тастағы жазулар тарихымыздың тереңдігін танытады. Батыр бабаларымыз бүкіл Еуразияда ат ойнатқан қуатты мемлекеттер құрды, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы алып құрлықтың саяси-экономикалық даму барысына орасан зор ықпалын тигізгенін атап өтті.

Олар ұрпаққа асқақ рухын және өр намысын мирас етті. Баға жетпес мәдени мұрасы мен жауһар жәдігерлерін табыстады, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы