Күліп-күліп шаршадым: Ахмет туралы жаңа фильмге көрермен пікірі

21 Мамыр 2024, 12:35
1307
Бөлісу:
Күліп-күліп шаршадым: Ахмет туралы жаңа фильмге көрермен пікірі
Фото: автордан

Астанада қазақтың көрнекті ағартушысы Ахмет Байтұрсынов туралы "Соңғы үкім" толықметражды фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фильм 23 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіледі.

"Соңғы үкімнің" жабық көрсетіліміне қатысқан жайдарманшы Рамазан Фаилов фильмге қатысты пікір білдірді.

Бұл киноға пікір айтатын мен емес. Бірақ көрермен ретінде ойыммен бөліссем, осындай кинолар көп керек. Өзім комедия жанрында жүрген адаммын ғой, бірақ та комедияға тойдық. Біздің комедия түсіріп жүргеніміз осы кісілердің еңбектерінің арқасында. Себебі көп нәрсе болды. Бұл фильм балаларды әкеліп, түсіндіріп айтатындай дүние, - деді ол.

Рамазан Фаилов кинодан ерекше әсер алғанын айтады.

Бұрын тек комедияларға келген соң салыстыру қиын. Бірақ өте мықты. Барлығы ұнады. Ол кісілердің істерін қараған кезде біз не істеп жүрміз, қайда бара жатырмыз деген ойлармен шықтым фильмнен, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы