Күдіктілердің конституциялық құқықтары толығымен сақталуда – Марат Ахметжанов

14 Наурыз 2022, 11:10
1351
Бөлісу:
Күдіктілердің конституциялық құқықтары толығымен сақталуда – Марат Ахметжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов күдіктілердің конституциялық құқықтары толығымен сақталып жатқанын айтты.

Жалпы тергеу қылмыстық процестің үш буынды моделіне сәйкес жүргізіліп жатыр.  Яғни тергеушілердің барлық негізгі шешімдері прокурордың сүзгісінен өтеді. Осылайша, үш сатылық бақылау арқылы процестің әділеттігі қамтамасыз етіліп жатыр, - дейді министр.

Айтуынша, күдіктілердің конституциялық құқықтары толығымен сақталуда.

Қызметкерлердің өкілеттігін асыра пайдалану фактілеріне қатысты шағымдар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Объективті болу үшін, бұл істер прокуратура және жемқорлыққа қарсы қызметке берілді. Тергеу амалдары міндетті түрде бейнекамераға жазылуда. Оған қорғаушылар да қатысып жатыр. Дегенмен, қазіргі таңда заңсыз айналымда әлі де  көптеген қару-жарақ бар. Оны қайтару бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр, - деп атап өтті Ахметжанов Мәжілісте.

Сонымен қатар республика бойынша арнайы «Қару» операциясы жалғасуда. Оның барысында 1 215 қару және 22 мың оқ-дәрі қайтарылды.

Сөзінше, азаматтар ерікті түрде 120 қару тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы