Алматы, baq.kz. 1 қаңтар күні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінің жанынан 23 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оның денесінен зорлықпен өлтіру белгілері анықлаған. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаменті хабарлады.
Полицияның пайымдауынша, ішімдікке сылқия тойғандар арасында жанжал туындаған.«Қазіргі уақытта күдікті анықталып, оны ұстау шаралары қолға алынды. ҚР ҚК 99 бабының 1 тармағымен «адам өлтіру» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», -деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті.
Тергеу барысында медицина мекемелеріне түрлі жарақатпен 24 пен 27 жас аралығындағы үш азаматтың жүгінгені де анықталған.